• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 23:27:01
Алматы
+8°

Абай облысында ұстаздар күніне арналған «Ұстазды ұлықтау – үлкен мәртебе» атты салтанатты жиын өтті. Іс-шараның мақсаты – ұстаздың қоғамдағы беделін арттыру. Шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихаттың төрағасы Қуаныш Сүлейменов, Қазақстандық Ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподағы филиалының төрағасы, ардагер ұстаздар қатысты.

«Сапалы білім, саналы тәрбиені ұштастырып, ұрпаққа білім берген мұғалім мамандығы қай кезде де ұлы құрметке лайықты! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен «Ұстаз мәртебесі» айқындалып, төрге озды. Заманауи білім жүйесі дамып, педагогтердің кәсіби тұрғыдан кемелденуіне барлық жағдай жасалуда. Мектеп базасы күннен-күнге нығайып келеді. Ұстаз мәртебесі мен ұлағатын сақтап қалған барша педагогтерге ризашылығым мен алғысымды білдіремін!», - деді аймақ басшысы өз құттықтауында.
Өңір басшысы облыс мұғалімдерінің республикалық және халықаралық деңгейдегі жоғары жетістіктерін де атап өтті. Олардың қатарында «Үздік педагог – 2024» атағына ие болған Жадыра Төлеуқоңыр мен Шынар Баяхметова, республикалық кәсіптік шеберлік байқауында 1-орын алған Гүлназ Мавлитаева, «EmiratesSkills 2024», «WorldSkills Lyon 2024» чемпионаттарының жеңімпаздарын дайындаған Күлпан Түсіпбаева бар. Сонымен қатар халықаралық робототехника байқауының жеңімпазын дайындаған Бородулиха ауданы «Абай атындағы орта мектебі» информатика пәнінің мұғалімі Галина Николаевна, «Мектепке дейінгі ұйымның үздік тәрбиешісі» республикалық байқауының Бас жүлде иегері «Өрлеу» балабақшасының тәрбиешісі Ирина Бочаровалар бар. Бұл есімдердің қатарында «Еңбек ері» атағына ие болған «№7 орта мектеп лицейінің» математика пәнінің мұғалімі Алма Шүкіжанова да бар.

Мерекелік шараға облыстан 500-ге жуық ұстаз қатысты. Үздіктер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіні төсбелгілері, Абай облысы әкімінің, облыстық білім басқармасының грамоталарымен марапатталды. Мерекенің көркін «Мерейлі ұстаз» концерттік бағдарламасы аша түсті.

Бүгінде Абай облысының білім беру саласында бірқатар оң өзгерістер жүзеге асуда. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2025 жылға дейін 11 жаңа мектеп ашу жоспарлануда. Облыс орталығында көпсалалы Оқушылар сарайының құрылысы басталды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ұстаз

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір