• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 15:38:17
Алматы
+8°

14 Ақпан, 2024 Оқиғалар

Екібастұз, Павлодар және Астанада дін атын жамылған қарақшылар ұсталды

Олардың барлығы қылмыстық-діни тұлғалар және басқа аймақтардың тұрғындары екені де нақтыланады.

polisia.kz

Полицейлер күш қолданып, ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Бес күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға ауыр қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр.

"Бір мезгілде Екібастұз қаласында және Павлодардың өзінде павлодарлық әріптестермен бірге төрт адамды ұстадық. Бесінші сыбайласы елордада ұсталды. Тұрғын үйге заңсыз кіру арқылы жасалған қарақшылық шабуыл фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", деп атап өтті Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Негмет Исмагулов.

Қаңтар айының басында Қарасу ауылында медициналық бетперде киген белгісіз тұлғалар жергілікті тұрғынның үйіне кіріп, күш көрсетіп, дене жарақаттарын салды. Одан жалпы сомасы 650 мың теңге тұратын алтын бұйымдары тартып алынған.

"Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде", делінген полиция хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір