• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қыркүйек, 04:27:52
Алматы
+35°

Көк жайлаудың төресі, желмаясына мініп жаһанды кезген Асанқайғының арманындағы жерұйық мекен - Шалкөде жайлауының төрінде қазақтың ұлттық құндылықтары  жаңғыртылып, ұзақ жылдар бойы ұлықталмай ұмыт болып бара жатқан шопандар тойы дүркіретіп аталып өтілді.

Көшпенді елдің ұлттық мәдениеті ұлықталып, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен өнері, ас мәзірі мен дала спорты дәріптелетін, жалпы ұлттық болмысымыз насихатталды!

Қасиетті Қарадаланы мекен еткен Ұйғыр ауданы ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығына бейімделген аудан. Шарада аудан әкімі Бота Серікқызы төрт түлігін түгендеп, төрт құбыласын теңестірген мал шаруашылығының нағыз майталмандары малшылар қауымының мерекесімен құттықтап, мал бағу мен мал басын көбейтуде озық еңбек етіп, жетістіктерге жеткен бірқатар ауыл малшыларын арнайы марапаттап, маңдай тер мен адал еңбектерін елеп ескерілді.

Шопандар тойы

Шопандар тойы

Қазақ күресінен жауырыны жер иіскемеген палуандар боз кілемде бақ сынасты.

Шопандар тойы

Ат құлағында ойнайтын спортшылар теңге ілуден сайысқа түссе, білекті жігіттер ат үстінде аударыспақтан тамаша ойын көрсетті. Қошқар көтеруден де бірқатар жігіттер жарысқа түсті.

Шопандар тойы

Сап түзей тігілген ақшаңқан үйлерде ас беріліп, бір-бірімен арқа-жарқа болысқан ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар, әзілі жарасқан боз бала бойжеткендер нағыз тойдың сәнін кіргізді.

Шопандар тойы

Алдағы жылдары ауқымы кеңейетін естен кетпес дүбірлі той болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір