• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 14:25:30
Алматы
+8°

Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында абаттандыру және экологиялық мәдениетке арналған іс-шаралар өтуде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясының аясында Абай облысы көлемінде көшелерді абаттандыру, жинау, тазалау және т.б. ауқымды іс-шаралар өтті.

ку

Акция барысында саябақтар мен қоғамдық орындарды абаттандыруға ерекше көңіл бөлінді. Семей қаласында Найманбаев-Момышұлы көшелерінің жол айрығында тарихи қиылыс ашылып, қала тұрғындары мен қонақтарын қызықтыратын жаңа орынға айналды. Жобаға тарихи ғимараттар мен сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, нысандардың тарихи құндылығын сақтау үшін заманауи материалдарды пайдалана отырып, олардың бастапқы келбетін қалпына келтіру кіреді. Оған қоса, қауіпсіз инфрақұрылым дамып, көлік қолжетімділігі жақсарып, жаяу жүргіншілер үшін қолайлы аймақтар, жарықтандыру, автокөлік тұрақтары жабдықталған.

Семей қаласының Құрметті азаматы Зейнолла Тоқаев «Таза Қазақстан» бағдарламасының қоғам мәдениетін дамытудағы маңызына тоқталды. Халық алдында тұрған басты міндеттердің бірі – тарихи жол айрығының жағдайын сақтау.

куу

«Семейде қаламыздың тарихи оқиғаларын байланыстыратын тағы бір қоғамдық кеңістік ашылды. Біздің мақсатымыз – оны жақсы жағдайда сақтау. Өйткені, мұндай орындар мәдени және табиғи мұраларымызды сақтауда маңызды рөл атқарады. Ол үшін «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жалғастыру маңызды. Экологиялық мәселелер мен абаттандыру біржола шешілмейді, олар үнемі қоғам назары және күш салуды талап етеді. Бұл бағдарламаның жалғасуы тұрғындар арасында экологиялық мәдениетке, балалардың да, ересектердің де табиғатқа ұқыпты қарауына да ықпал етеді» - деді Зейнолла Тоқаев.

Сондай-ақ, облыстың басқа да аудандарында абаттандыру жұмыстары жалғасып жатқанын айта кеткен жөн. Бесқарағай ауданында «Таза аудан» акциясы аясында аумақтарды тазалауға барлық ауылдық округтер атсалысты. Оған 100-ден астам адам қатысты. Абай ауданы Қарауыл ауылында да «Таза саябақ» акциясы өтті.

Аягөз ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қала саябақтарын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. Акцияға «Жасыл ел» еңбек жасағының 50-ден астам жауынгері мен туған жердің тазалығын сақтауға, абаттандыруға үлес қосқысы келетін мекеме қызметкерлері қатысты. Акция Абай Құнанбаев атындағы саябақта басталып, Құттыбай би саябағында аяқталды.

Жаңасемей ауданында су айдындарын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Осылайша Мұқыр көлінің маңындағы аумақ тазартылып, оған жергілікті тұрғындар мен жастар қосылды.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы нағыз отансүйгіш жандардың жұмыла атсалысқан бастамасына айналды. Жалпы, Абай облысы бойынша бағдарлама бастау алған сәттен бастап 93 120 адам, оның ішінде 3616 ұйым мен мекеме өкілдері қатысты. Тазалық жұмыстарына 2063 бірлік техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 87 446 аула тазаланып, 55 109 тонна қоқыс қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигондарына тасымалданды.

Облыс көлемінде 239 саябақ пен сквер тазартылып, 296 ескерткіштің айналасы абаттандырылып, 724 шаршы метр тақтатас жол жөнделді. 135 540 ағаш және 8 622 көшет отырғызылды. Тазалық шаралары 1062 әлеуметтік және 2248 өндірістік нысанды, сондай-ақ 870 су қоймасын, оның ішінде жасанды су қоймасын да қамтыды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір