• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 13:25:28
Алматы
+8°

16 Қыркүйек, 2024 NEWS

Таразда жұмысқа парамен орналастырған меморганның қос қызметкері сотталды

Олар фельдшер ретінде жұмысқа кіркісі келген жеке тұлғадан айтарлықтай мөлшерде пара алған.

Көрнекі сурет

«Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі филиалы басшысының міндетін уақытша атқарушы тұлға сотталды.

10 қыркүйекте № 2 Тараз қалалық сотының үкімімен «Жамбыл облысы бойынша ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы басшысының м.у.а. А.О. Махашева және осы филиалдың кадрлар жөніндегі инспекторы Л.Т. Қалмұратова сотталды. Олар фельдшер ретінде жұмысқа орналастыру үшін жеке тұлғадан айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. 
Оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда өмір бойы қызмет атқару құқығынан айыра отырып, тиісінше 4 және 3,6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Қылмыстық Кодекстің 74-бабының 1-бөлігі негізінде жазаны өтеу мерзімі кәмелетке толмаған балалардың болуына байланысты 4 жылға кейінге қалдырылды" делінген Антикор хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір