• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 06:03:52
+35°

Фото: Әуезов театрының баспасөз қызметі

Театр және кино актері Үсіпхан Сейтімбет өмірден өттті. Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының баспасөз қызметі хабарлады.
 
"Қазақ өнері ауыр қайғыға ұшырады. Театрымыздың актері, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қаһарманы, "Құрмет" орденінің иегері Үсіпхан Әбдікерімұлы Сейтімбет дүниеден өтті. Ол саналы ғұмырын Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына арнап, тума таланты, табиғи дарыны арқасында әр жанрда есте қаларлық сан қырлы образдар галереясын жасады. Халық жадында бойына барлық өнерді қабыстыра білген шебер актер ретінде қалды... Марқұмның отбасы мен жақындарына, бүкіл театр ұжымына қайғырып, көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы болып, жаны пейіште шалықтасын. Артында қалған ұрпақтарына ұзақ ғұмыр берсін" делінген театр хабарламасында.
 
Үсіпхан Әбдікерімұлы Сейтімбет 1960 жылы Түркістан облысы Келес ауданы Игілік ауылында дүниеге келген.
 
1979 жылы Республикалық Эстрада-өнер студиясын бітіріп, Алматы облыстық филармониясына жұмысқа қабылданды.
 
1983 жылы Т. Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтына оқуға түсті.
 
Желтоқсан оқиғасы кезінде батырлық пен патриотизм үлгісін көрсетіп, жастар қарсылығын ұйымдастырғаны үшін 1987 жылы екі жылға сотталып, 1989 жылы бостандыққа шықты. Осы жылы институттағы оқуын қайта жалғастырып, тәмәмдады.
 
1990 жылы Ғ. Мүсірепов атындағы Жасөспірімдер мен балалар театрының актерлік құрамына жұмысқа қабылданды.
 
1999 жылдан бері М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында актер болып қызмет атқарды.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Үсіпхан Сейтімбет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір