• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 13:38:18
Алматы
+8°

13 Ақпан, 2024 Оқиғалар

Ақмола облысында тебіндегі жылқылар қырылып жатыр

Ақмола облысында қыста жауған жауыннан жазық даладағы жер мұз болып қатып қалған. Осылайша өрістегі жұмыртұяқтылар аш қалған. Жылқышылар малды ауылға айдап келейін десе, қар құрсауынан ол да мүмкін емес.

видеодан алынды

"Қыста жаңбыр жауып, жер беті тоң болып қатып қалған. Соның салдарынан Біржан сал ауданында бір үйірдегі 53 бас жылқы аштан өлген. Осындай жағдай өңірдегі барлық елдімекендерде қайталанып жатыр. Биыл іш тастаған мал да көп. Ал Зеренді ауданындағы Бірлестік, Дөңгілағаш, Қоныспай ауылдарының төрт түлігі де шетінен құлап жатыр екен.

Оның үстіне соңғы күндері өңірде боран ұйытқып, қар қалың түсе бастаған. Қар құрсауынан шыққан күнде де онсыз да аштан әлсіреген малдың омбылап ауылға жетуі екіталай. Сондықтан жылқышылар орталықтан қар тазалайтын ауыр техника және уақытша әлденіп алғанға жем-шөп сұрайды. Алайда аудан билігі аштан қырылып жатқан малға жем-шөп жеткізуге асығар емес дейді ашулы ауыл халқы", деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Жылқылар құлап жатыр. Жағдай өте қиын болып тұр. Үкіметтен ешқандай шара жоқ. Бүкіл жылқышылардың жанайқайы бұл. Айғайын, Көмек сұраймыз!", дейді жылқышы Темірбек Ғалымов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір