• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Қараша, 07:00:46
Алматы
+12°

Алматы қаласының әкімдігі мен IFC 200 млн. АҚШ долларына дейінгі сомаға «жасыл» облигациялар шығару туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Түркия және Орталық Азия бойынша халықаралық қаржы корпорациясының (International Finance Corporation, IFC) өңірлік директоры Вибке Шлемердің Қазақстанға сапары аясында Алматы қаласының әкімдігі мен IFC арасында инвестициялар тарту үшін жобаларды бағалауды жүргізу туралы мандатты келісім – хатқа қол қойылды.

Мандаттық хатқа сәйкес IFC Алматы әкімдігінің «жасыл» облигацияларын 200 млн. АҚШ долларына дейін сатып алуға қатысуға дайын, бұл қаржы LRT, BRT бірінші желісін салуға, 10 троллейбус қосалқы станциясын жаңартуға, 100 электробус және басқа да әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға жұмсалады.

«Жасыл» облигацияларды шығару IFC жобаларды бағаланнан кейін 2025 жылға жоспарлануда.

Айта кетерлігі, Алматы қаласы «жасыл» жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан ұлттық валютада сыртқы қарыз алу құқығы берілген Қазақстандағы жалғыз өңір болып табылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір