• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 13:52:18
Алматы
+35°

Абай облысы Аягөз ауданындағы №10810 әскери бөлімін қызметке жуырда ғана кіріскен әскери қызметкер өзіне қол салды.

Ақпарат ресми түрде расталды.

“19 қыркүйекте жұмыстан тыс уақытта Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет ететін офицердің денесі үйінен табылды. Алдын ала ақпарат бойынша офицер өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиғаның жай-жапсары анықталуда. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туған-туыстарына көңіл айтады” делінген Аягөз гарнизоны хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша әскери  қызметкер асылып қалған. Марқұм биыл ғана оқу орнын бітіріп, аталған бөлімге қыркүйекте ғана қызметке тұрған көрінеді.

Қазақстан әскерінде соңғы үш жылда 270 әскери қызметкер қаза тапқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір