• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 23:26:14
Алматы
+8°

Қарағандылық полицейлердің жедел әрекеті жағдайдың шиеленісуіне жол бермеді, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Сайт мәліметіне сүйенсек, 28 шілдеде ЛГБТ қоғамдастығының өкілдері тренинг өткізу үшін Қарағандыға келген. Наразылық танытқан қала тұрғындары қозғалыс белсенділері жалға алған Абай көшесі, 8 үйдің маңында орналасқан бизнес орталығы ғимаратының жанына жиналған.

Бұл оқиға тұрғындар арасында резонанс тудырған. Осылайша қала тұрғындары жоспарланған шаралардың күшін жоюды талап еткен. 

Жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін тәртіп сақшылары шеп құрып, келушілерді ғимараттан шығарып, қауіпсіз жерге шығарып салды. Қазір қозғалыс белсенділері облыстан кетіп қалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір