• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 22:34:46
Алматы
+35°

67 жасында ғалым, алаштанушы, публицист, "Арыс" баспасының иесі Ғарифолла Әнес өмірден өтті.

Ғарифолла Әнес 1957 жылы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында дүниеге келген.

Әр жылдары ҰҒА А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері. Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің (Жаңалық ауылындағы) меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1992 жылдан «Репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының және «Арыс» баспасының құрылтайшы-президенті, 2013 жылдан «Қазақстан тарихи-ағарту «Әділет» қоғамының» төрағалығын қоса атқарады.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, «Ана тілі» газетінің қоғамдық негіздегі кеңесшісі болған.

Алаш арыстарының мұрасын табу, зерттеу және жариялау ісіне өз үлесін қосқа. А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов және Х. Досмұхамбетұлы еңбектерін құрастырып, алғысөз-соңғысөздерін жазып, бірнеше рет жарыққа шығарған.

«Құрмет» «Парасат» ордендерің иегері. Бірнеше мерекелік медальдармен ма­ра­патталған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ғарифолла Әнес

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір