• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:10:30
Алматы
+35°

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. 

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері көпғасырлық ажырамас достық пен тату көршілікке, өзара сенім мен стратегиялық серіктестік қағидатына негізделген екіжақты қатынастардың қазіргі ахуалы мен оны әрі қарай дамытудың перспективаларын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейін және коронавирус індетінің салдарын тезірек еңсеру мақсатында екі ел үкіметтерінің арасындағы тәжірибе алмасуды ерекше атап өтті.

Әңгімелесу барысында тауар айналымын арттыруға, бизнес пен аймақтық деңгейдегі іс-қимылдарды кеңейтуге, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды ілгерілетуге баса мән берілді.

Тоқаев пен Мирзиёев өңірдегі жағдайға байланысты пікір алмасты. Сондай-ақ, Қырғызстандағы ахуал елдің Конституциясы мен заңнамалық нормаларына сәйкес тезірек тұрақтанатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бауырлас қырғыз елімен одақтастық байланыстарды және стратегиялық серіктестікті нығайтуға ерекше мән беріп отырғанын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір