• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қыркүйек, 07:49:38
Алматы
+35°

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

Министр Қанат Шарлапаев Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы бес қабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.

Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарлануда. Құрылыстың бас мердігері – «Павлодар зауыты ТЕМІРМАШ» ЖШС. Жобаның негізгі дайындығы 60% құрайды.

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

Пәтер ауданы:
1 бөлме – 44 ш.м. - 17 пәтер, жалпы ауданы 748 ш.м.
2 бөлме - 56 ш.м. - 19 пәтер, жалпы ауданы 1064 ш.м.
3 бөлме – 66,3 ш.м. - 14 пәтер, жалпы ауданы 929 ш.м.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі құрылыс жұмыстарының тиімділігі мен сапасын атап өтті. Кезекте тұрғандардың барлығын пәтермен қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі екінші кезектегі тұрғын үй сатып алу тәжірибесін қолдануда. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 94 адам баспана кезегінде тұр, оның ішінде 14 көп балалы отбасы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір