• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 01:00:54
Алматы
+35°

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысында жалпы құны 70 миллиард теңгеге жуықтайтын ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Focus Logistics» ЖШС облыстың оңтүстік өңірінде логистикалық парк салу бойынша ірі жобаны қолға алды. Оны жүзеге асыру аймақтың логистикалық инфрақұрылымын дамыту үшін жаңа мүмкіндік береді. Жоба аясында 4500-ден астам жаңа жұмыс орны құрылмақ әрі 300 000 шаршы метрден астам қойма алаңы іске қосылады. Жобаның аяқталу мерзімі 2028 жыл деп көрсетілген.

Жобаның бірінші кезеңі бойынша шамамен 94 га аумақта «OZON» компаниясына арналған «А» сыныпты қойма құрылысы жүргізілуде. Өткен жылы аталған қойманың іргетасын қалау рәсімі өткізілді. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.

Аталған логистикалық парктің Үлкен Алматы айналма жолының бойында орналасуы көптеген артықшылықтар береді. Әсіресе, тиімді жұмыс істеуіне көп септігін тигізеді. Бұл стратегиялық орын негізгі магистральдарға оңай қол жеткізуді қамтамасыз етеді әрі басқа аймақтармен және қалалармен жеңіл байланысуға мүмкіндік береді. Осындай ыңғайлы орынның арқасында логистикалық парк тауарларды тасымалдау және таратумен айналысатын компаниялар үшін тиімді орталыққа айналады деп күтілуде.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір