• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 00:28:11
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2024 NEWS

“Мәдениетті ана - Мәдениетті ұлт” жобасы аясында Алматы облысында шаралар өткізіліп келеді

Қазіргі қоғамда ана мен әйелдің рөлі өте жоғары. Яғни, әйелдер біздің қоғамның дамуына баға жетпес үлес қосады.

Курнекі сурет

Осыған орай, Ел Презденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық Аналар кеңесі мен оның өңірлік бөлімшелері «Мәдениетті ана – Мәдениетті ұлт» жобасын іске асыруда.

Ондағы басты мақсат – отбасылық құндылықтарды, ұлттық дәстүрлерді сақтау және өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Осы орайда, Алматы облысы «Қоғамдық келісім» КММ жылда «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт!» жобасы аясында «Бақытты ана – бақытты бала» тақырыбында әйелдердің жеке дамуы мен рухани өсуі бойынша конференция өткізіп тұрады. Ондағы басты мақсат – қоғамдағы әйел мен ананың рөлі, отбасы құндылықтары, отбасы институтының маңыздылығы, сондай-ақ жастар мен болашақ ұрпақты рухани-адамгершілік пен патриоттық тәрбиелеудегі ата-ананың рөлін арттыра отырып, Алматы және Жетісу облыстары Аналар кеңестерінің жобаны жүзеге асыруда өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісу болып табылады.

Сонымен қатар осы жоба аясында өңірдегі аудандар бойынша «Аялы алақан, мейірімді жүрек» атты аудандық аналар форумын жиі өткізеді. Жиында алдымен өңірден шыққан әр салада жетістікке жеткен аналардың өмірбаяндары таныстырылып, облысқа еңбегі сіңген бірқатар аналар мен әжелерге арнайы алғысхат табысталады. 

Одан бөлек, жиында болашақ ұрпақ тәрбиесі жайында әңгіме өрбітіліп тұрады. Соның ішінде жастар мен жасөспірімдер арасындағы электронды темекі туралы әңгіме де қозғалып, болашақ ұрпақтың ертеңгі күні жаман ауруға шалдығуының алдын алады.

Алматы облысында сондай-ақ алдағы келе жатқан «Балаларды қорғау» мерекесіне орай, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы әзірлеген және бекіткен "Мәдениетті ана- мәдениетті ұлт" республикалық жобасын іске асыру жөніндегі Жол картасын жүзеге асыруда "Менің отбасым-менің отбасым" отбасы институтының нығайтуға арналған білім беру мекемелерінде жас отбасылары мен жас аналарға арнайы шаралар өткізілді.

Тағы бір айта кетерлігі, «Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Ақөзек ауылындағы № 10 орта мектеп МДШО» КММ 1-сынып оқушылары арасында «Менің отбасым – менің тірегім» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Ондағы мақсат – Отбасы тәлім-тәрбиенің негізі екенін ұғындыру, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту. Яғни, ұрпақтың ізімен жүретін намысшыл, ер мінезді, жігерлі тұлғаны дамыта отырып, өз  ойларын ашық айтуға үйрету, жауап беру қабілеттерін дамыту.

Міне, отбасы бақыты, ана мен баланы қорғауға қатысты Алматы облысында саналы да сапалы болашақтың өсуіне ықпал ететін шаралар жалғасын тауып келеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір