• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 13:05:09
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2024 NEWS

Омар Жәлел: Қазір той тойлайтын емес, кәсіп қылатын кез

Абайтанушы Омар Жәлелұлы Қазақстанда той жасау мәдениеті асыра сілтеуге ұласып кетіп жатқанын айтты.

Фото: ашық дереккөзден

Ғалым той жасауға тыйым салу қазақтың болмысын күйретеді, мәселе сол тойды қалай жасауда болып тұрғанын атап өтіп, бүгінде кәсіп жасауға машықтану анағұрлым өзекті болып тұрғанын жеткізді.

“Қытайда, Түрикяда той жасамайды, өйткені олар күні-түні кәсіпте. Олар тек үйлену той сияқты маңыздыларын ғана жасайды. Ал қолы бос, кәсібі жоқ халық той тойлайды, кәсібі бар қазақ өзі де тойдан бас тарта бастайды. Өйткені кәсібі жоқ, мақсаты жоқ адам, тойға айналады. Бұл шарасыздықтан туған, 20-30 жылда ұлттың деңгейін көтере алмай, кәсіпқойлыққа айналдыра алмағанның көрінісі. Қазіргі кезде кәсіпті бірінші орынға қоюымыз керек, – деді ғалым Qazaq Airan арнасына берген сұхбатында.

Омар Жәлел тойдың көптігі адамды туыстық қатынастармен қинайтынын, ұят деген сезіммен қинайтынын айтады. "Кәсіптің ең үлкені – ғылым" деген ол қазақтың көрнекті ғалымы, академик Қаныш Сәтбаев "уақытым кетеді, артық тамақ ішіп қоямын, асқазаным, режимім бұзылады, ғылымыма зияны тиеді" деп тойға бармағанын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: шығын ғалым

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір