• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Маусым, 05:23:58
Алматы
+35°

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Қазақстандағы шетел мемлекеттерінің Бас және Құрметті консулдарымен кездесуінде басым бизнес-жобаларғаинвестициялар тарту мәселелері талқыланды.

Қала басшысы Алматы – Қазақстанның мәдени, ғылыми, іскерлік және қаржы орталығы, оныңүлесіне экономиканың бестен бір бөлігі (2023 жылы20,6%) және ҚР бюджетінің барлық кірістерініңтөрттен бірінен астамы (2023 жылы 26,2%) тиесіліекенін атап өтті, сондай-ақ кездесугеқатысушыларды іскерлік әріптестікті кеңейтумәселелерінде жан-жақты өзара іс-қимылғашақырды. Қала «Алматының 2025 жылға дейінгідаму бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» аясында ауқымды, инфрақұрылымдық және экологиялық жобалардыіске асыруда инвесторлармен ынтымақтастық үшінашық.

Инвестициялар үшін перспективалы бағыттардыатап өтіп, Ерболат Досаев жүрдек қоғамдық көлікжүйесін құру және ірі инновациялық өндірістердамыған Алматыдағы Индустриалды аймақтыңаумағын 40% - ға кеңейту жоспарлары туралы айтыпберді (бүгінде ИАА-ның жалпы ауданы 490 га құрайды). Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшінэкономиканың басым салаларында (өңдеу өнеркәсібі, туризм, IT және креативті индустриялар) еңбекөнімділігі жоғары жұмыс орындарын құруға баса назар аударылатын болады. «Смарт Ситиді» құруконтексінде ауа сапасын жақсарту және қаладағыластану деңгейін төмендету жөніндегі «жасыл»жобалар мен бастамаларды, цифрлық жобаларды іскеасыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру объектілерін салу мен заманауи жабдықтарменжарақтандыруға ерекше назар аударылатын болады.

Инвесторларды қолдау үшін ағымдағы жылдыңмаусым айында «Almaty Business DevelopmentCenter» қалалық фронт-офисі ашылады, ондаконсультациялық қызметтер «бір терезе» (One-StopShop) қағидаты бойынша ұсынылады. Бұдан басқа, Алматыда тұрақты даму стандарттарына сай келетінинфрақұрылымдық және экологиялық жобалардықаржыландыру үшін жасыл облигацияларшығарудың ерекше мүмкіндігі бар.

Кездесуде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігібасшысының м.а. Исламбек Раимов, ҚХР, Иран, Түркия, Францияның Бас консулдары, «Құрметтіконсулдар қоғамы» республикалық қоғамдықбірлестігінің басқарма төрағасы Денис Ван ден Вейх, сондай-ақ Нидерланды, Словения, Чехия, Швецияның Құрметті консулдары құттықтау сөзсөйледі.

Кеңеске қатысушылар Алматының соңғыжылдардағы экономикалық даму қарқыныныңсерпінділігін және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтудегі жоғарыәлеуетін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойыншатараптар одан әрі өзара іс-қимыл жасауға жәнедостық қарым-қатынастарды дамытуға дайынекендіктерін білдірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір