• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 15:17:51
Алматы
+8°

Қазақта қыздан туған ұл мен қыз "Жиен" деп аталады. Жеті ата салтын берік ұстанған қазақ халқы жиендік тұқым жалғастығына жеті ұрпаққа дейін әдемі атау бере білген.

Сонымен…

  1. Қыздан туған ұл мен қыз – Жиен;
  2. Жиеннің баласы – Жиеншар;
  3. Жиеншардың баласы – Дегеншар;
  4. Дегеншардың баласы – Көгеншар;
  5. Көгеншардың баласы – Көбеңшар;
  6. Көбеңшардың баласы – Тебеншар;
  7. Тебеншардың баласы – Өлеңшар деп атаса, сегізінші ұрпағын «қаймана» дейді екен.

Атам қазақта "Жиен ел болмайды, желке ас болмайды", "Жиен не ел болмайды жайлы болса, желке неге ас болмайды майлы болса" деген тәмсіл бар.

Одан бөлек "Жиенқұрық" деген тамаша дәстүр бар. Жиен алғаш нағашы жұртына қыдырып келгенде нағашы жұрты жиенге қырық серкеш енші береді. Мал атайды соны "Жиенқұрық" деп атаған.

Ал жиен шешесінің бар туыстарын "Нағашы" деп атайды,"Нағашы" деп шақырады, "Нағашы" деп таниды.

Бір ауыз сөзбен айтқанда, ұлдан тұған бала - немере, қыздан туған бала - жиен деп аталады. Оған бола дауласудың да жауласудың да, таласып тартысудың да еш реті жоқ.

Бұл жерде біз бір ұғымды әрі анық әрі қанық біліп алғанымыз жөн болар. Жиен де немере де ұрпақ. Тек қана ұлдан туған мен қыздан туған ұрпақты ажырата білу үшін жеке-жеке атаулар қолданылған. Онымен немерені биік , жиенді төмен қойып отырған жоқ. Қазақ халқы үшін ұлдан тараған ұрпақ пен қыздан тараған ұрпақтың ар- жігін адастырмай біліп , туыстық сыйластықты берік сақтап жүру бәрінен маңызды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір