• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Мамыр, 22:33:33
Алматы
+35°

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Бас прокуратура ақпаратты растады.

Тұрғымбаев 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен ұсталған.

Қантар оқиғасынан соң Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрлігінің басшысы қызметінен босатылып, президенттің кеңесшісі болып тағайындалды. Кейін Ташкентке барып, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылым басшысының кеңесшісі болған еді.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымына аккредитацияланған соң ол Астанаға келіп, қылмыстық іске қатысушы деп танылды.

Еске сала кетейік, Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрлігін 2019 жылдан бастап 2022 жылға дейін басқарған болатын. 
 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір