• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 09:00:55
+35°

17 Мамыр, 2024 NEWS

Ер адамдар Қазақстанның қай өңірінде көп?

Еліміздегі әйелдер саны ер адамдардан 500 мыңға көбейген.

Көрнекі сурет

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқы санының 2024 жылдың 1 сәуіріне сәйкес ақпаратты жариялады. Елімізде 20 млн 95 мың 963 адам өмір сүреді екен.

Қалалық аймақтарда 12,5 млн адам тұрады. Қазақстандағы әйелдер саны ер адамдардан әлдеқайда көп: 10 млн 280 мың 498 әйел, 9 млн 815 мың 465 ер адам.

Әйелдердің саны көптігіне қарамастан еліміздің 3 өңірінде ер адамдар әйелдерден көп.

Бұл Алматы облысы – 769 мың 521 ер адам, 768 мың 353 әйел, Қызылорда облысы – 423 мың 922 ер адам және 419 мыі 461 әйел.

Түркістан облысы ерлер санының үстемдігі бойынша көшбасшы болды. Онда 1 миллион 093 мың 928 ер адам және тек 1 миллион 051 мың 285 әйел тұрады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ер адамдар көп өңір

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір