• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Маусым, 12:51:35
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2024 NEWS

Биыл Алакөл курорт аймағына пойыздар 12 бағыт бойынша қатынайды

Биыл ҚТЖ 4,2 млн астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөзден

 

2024 жылдың жаз айларында ҚТЖ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда курорттық аймақтарға жолаушылар тасымалын ұлғайтуды және 4,2 млн-нан астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр.

Алакөл көлінің бағытында пойыздар Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 12 бағыт бойынша қатынайтын болады. Сондай-ақ биыл алғаш рет бұл бағытта Қызылордадан пойыз жүреді. Он бағыт бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздары, ал екі бағыт бойынша — жеке тасымалдаушылар құрамы жүретін болады. Ұлттық тасымалдаушының пойыздарының құрамы толығымен ауаны баптау жүйесімен жабдықталған вагондардан құралады.

Алакөл бағытындағы пойыздар туристер үшін танымал Жалаңашкөл, Ақши және Бескөл станцияларында тоқтайды. Билеттерді bilet.railways.kz сайттында комиссиясыз сатып алуға болады. Ал билеттер болмаған жағдайда жолаушы «Күту парағы» қызметін пайдалана отырып, пойызда бос орынға билет сатып алу үшін кезекке тұра алады. Бұл қызмет bilet.railways.kz сайтында немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында ақысыз негізде қолжетімді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір