• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 00:32:20
Алматы
+35°

Қорғаныс министрлігі Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде 11-19 наурыз аралығында Қарағанды облысының аумағында екі жақты командалық-штабтық оқу-жаттығу өтетінін мәлімдеді.

Жауынгерлік дайындық іс-шаралары кезінде Қарағанды, Алматы, Жетісу облыстарының аумағында күштер мен құралдар қозғалысы жүзеге аспақ.

Министрлік мәліметінше, оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында бөлімшелер полигондарға темір жол, әуе және автомобиль көлігі арқылы аралас тәсілмен марш жасап, кейін тұрақты орналасу пункттеріне оралады.

Қорғаныс министрлігі аталған кезеңде өңірдің жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілуі мүмкін екенін хабарлап, жұртшылықты тек ресми ақпаратқа сенуді шақырды.

"Осыған байланысты азаматтардан өтіп жатқан  оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды және тыныштық сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдар таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы заңнамада жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған" делінген министрлік хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: әскери оқу-жаттығу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір