• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 12:14:02
Алматы
+35°

26 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Қазақстанда зейнетақының орташа көлемі өсті

Жыл басынан бері елімізде республикалық бюджеттен 306,8 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 96,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 210,4 млрд теңге жұмсалды.

ЕХӘҚМ баспасөз қызметі

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстандағы зейнеткерлер саны – 2 млн 343 мың адам.

"2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 346 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 810 теңге, базалық зейнетақы – 42 536 теңге", делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

 

Айта кетсек, 1 қаңтардағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 744 теңгені құрады.

Осы жағынан алғанда, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері былтырмен салыстырғанда 11 602 теңгеге өсті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Зейнетақы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір