• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Сәуір, 23:27:39
Алматы
+35°

23 Ақпан, 2024 Әлем

Алексей Навальныйдың анасы шырылдап, видео үндеу жолдады

Ресейлік саясаткердің анасы өзінің тарапына жасалып жатқан қоқан-лоқы күннен күнге үдеп бара жатқанын айтады. Баласының денесін бермей отырған билік Алексей Навальныйды құпия жерлеп, қоштасу рәсімін өткізбеуді қалайды екен.

видеодан алынды

"Мен жаңа ғана Салехард қаласындағы тергеу комитеті ғимаратынан шықтым. Ол арада тергеушілермен және криминалистермен жалғыз жүздесіп, бір тәулікке жуық уақыт болдым. Олар адвокатты тек бүгін түстен кейін ғана кіргізді. Ал кеше кешкісін олар мені құпия түрде мүрдеханаға апарып, ұлымды көрсетті. Тергеушілер медициналық және заңнамалық құжаттар әзір екенін, оның барлығы өз қолдарында екенін жеткізді. Мен оларды көрдім. Медициналық куәлік қағазға қол да қойдым. Заң бойынша олар ұлымның денесін маған бірден беруі керек. Бірақ олар уақытты әлі созбалап келеді.

Оның орнына өзіме қоқан-лоқы көрсетіп, маған нешеме түрлі талап қоюда. Атап айтқанда, Алексейді қалай, қайда жерлеу керектігі бойынша. Олардың бұлай бұйыруға маған қақысы жоқ, бұл заңсыздық, әрине. Тура менің көз алдымда оларға бұйрық келіп түсіп жатты: біресе Кремльден, біресе орталық тергеу комитетінің орталық аппаратынан. Олар жерлеу рәсімі құпия әрі қоштасу рәсімінсіз өткенін қалайды. Бір сөзбен айтқанда, олар мені зират басына ертіп келіп, "мына арада Сіздің балаңыз жатыр" дегісі келеді.

Әрине, мен мұнымен келіспеймін. Мен Алексейді қадір тұтатын адамдардың онымен қоштасуына мүмкіндігі болса деймін. Бұл видео үндеуді жазуыма менің тарапыма жасалып жатқан қоқан-лоқының күшеюі себеп. Олар жерлеу рәсімін құпия өткермесең, «балаңыздың денесіне бірдеңе жасаймыз» дегенді де айтып жатыр. Мен бір керемет талап қойып отырғаным жоқ. Тек бәрі заң жүзінде болсын деймін. Мен баламның денесін тез арада беруін талап етемін!", дейді қаралы ана Людмила Навальный X желісінде бөліскен видеода.

Айта кетсек,  2024 жылы 16 ақпанда Ресейде 19 жылға сотталып, жазасын өтеп жатқан оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың түрмеде көз жұмғаны белгілі болды. Немцовтан кейін Путин режимімен күресуші тұлға Навальныйдың құпия өлімі қоғамда үлкен наразылық туғызды.

Мұндай жағдай Қазақстанда Мұстафа Өзтүрікке қатысты болғанын да айта кетелік. «...Жоғарыдағылар айтты, билет алынып қойды, таңертең ұшақпен Түркияға жібереді» дейді ағам. «Қалай, осында неге жерленбейді» дедім мен, әрине. Анасы солай депті деген соң сол арада үніміз өшті. Бірақ ертеңінде білеміз ғой, сөйтсе Мұстафаның анасы бала-шағасымен Қазақстанға шығуға ұшаққа билет алып қойыпты, алайда біздегілер олардың билетін өткіздіртіп, денені өздері алып баратынын айтқан екен. Бұл жерде Мұстафаны жерлеуге қорыққан, халық жиналып кетеді деп қауіптенген», дейді таяудағы сұқбатында алты рет Мәжіліс депутаты болған Серік Әбдірахманов. Бұл туралы Qamshy.kz сайтындағы "Мұстафа Өзтүрік" атты мақаладан толығырақ танысып, біле аласыздар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір