• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 15:37:46
Алматы
+8°

20 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Білім бөлімі басшысы жұмыс істемейтін адамдарға ақша аударып келген

Алматы облысы Іле ауданында білім бөлімінің басшысы 680 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді.

Ашық дереккөзден алынды

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Ол Іле ауданының орта мектептерінде іс жүзінде жұмыс істемейтіндермен алдын ала сөз байласу бойынша жалақы аудару арқылы 680 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті.

Сонымен қатар, ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, өзінің жүргізушісін мектеп-гимназияға кәсіби бағдаршы лауазымына жалған жұмысқа орналастырып, оған заңсыз жалпы сомасы 4.9 миллион теңге жалақы төлеген.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір