• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 15:24:37
Алматы
+8°

Әлемге танымал Голливуд актеры Леонардо Ди Каприо Қазақстан билігін киік санының көбеюімен құттықтады. Бұл туралы актер өзінің Instagram парақшасында жазды. 

"Бұрын-соңды болмаған мұндай қалпына келтіру Қазақстанда киік популяциясының керемет сақталғанын көрсетеді. 2005 жылы небәрі 48 мың бас болса, қазір 1,9 миллионға дейін жетті. Браконьерлікке қарсы күрес бастамаларына, құқықтық тәртіпті белсенді қамтамасыз етуге және жаңа қорғалатын аумақтарды құруға қомақты қаражат салған Қазақстан үкіметін құттықтаймыз. Олардың табиғатты қорғау ұйымдарымен, университеттермен және ғалымдармен ынтымақтастығы – бірлескен күш-жігермен қол жеткізілген табиғатты қорғаудағы шынайы табыстың жарқын мысалы", деп жазды Леонардо Ди Каприо. 

Алайда актер биылдан бастап Үкіметтің елдегі киіктерді атуға ресми түрде рұқсат еткенін естімеген секілді. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың бұл шешімі халықтың наразылығын тудырған болатын. 

Киелі жануарды атуға рұқсат берген министрлік мұны киіктің саны өсіп, тарихта болмаған мөлшерге жеткенімен байланыстырады. Соңғы санақ бойынша ақбөкендердің саны 2 миллионға дейін жеткен. Сондықтан 337 мың киікті қысқарту керек. Өйткені министрлік киіктен келген залал 8 миллиард теңгеге жуықтағанын айтып отыр. Биыл ақбөкендер 1 миллион 284 мың гектар жайылым-шабындықты таптап, 5 мың гектар егінді отап кетіпті.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір