• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Мамыр, 12:06:39
Алматы
+35°

06 Желтоқсан, 2023 Барлық аймақтар

Өзі ЭКО арқылы туған қыз дүниеге сәби әкелді

Қазіргі заманда баласыз ерлі-зайыптылар жасанды ұрықтандыру ЭКО арқылы мәселесін шешуде.

Фото ашықдереккөздерден алынды

ЭКО-ны алғаш рет Қазақстанға эндокринолог Салтанат Байқошқарова әкелген болатын. Содан бері «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 5 мыңнан астам бала ЭКО арқылы дүниеге келді. Бұл қуанышты жаңалық.

Десек де, халық арасында ЭКО-мен туған балалар ұрпақ жалғастыра ала ма, деген сұрақ болды. Былтыр Қазақстанда ЭКО арқылы дүниеге келген 2004 жылғы қыз табиғи жолмен ана болды. Ол эндокринолог Салтанат Байқошқароваға жазған хатында былай деген:

– Салтанат ханым, өз оқиғаммен бөліссем деп едім. Мен сіздің қолыңыздан ЭКО-мен дүниеге келген қызбын. Анам 2004 жылы дүниеге алып келді. 10 жыл дегенде көрген қызы едім. Менен соң анам тағы бір ұлды дүниеге алып келді. бірақ ол табиғи жолмен туған. Мен болсам, ЭКО-мен туған қыздар бедеу болады, ұлдар ұрпақ жалғастыра алмайды деген сөздерді көп естимін. Соны ойлап уайымдайтынмын. Бірақ оның өтірік әңгіме екенін түсіндім. Тұрмыс құрған соң 2 айдан соң жүкті екенімді білдім. Қуанышымда шек болмады. Жүктілігім жақсы өтті. Аман-есен босанып, салмағы 3,5 келі сәбиімді дүниеге әкелдім, дейді.

Халықтың көкейіндегі сауалдың жауабы осы. Бірақ ЭКО-мен туған қыз ана болды, ал ұлдар жағы қалай болмақ, деген уайым бар әлі. Бұл сауалға «ЭКОМЕД» Адам ұрпағын өрбіту клиникасының ғылыми директоры Салтанат Байқошқарова былай жауап береді:

– ЭКО әдісі елімізде 27 жылдан бері сәтті қолданылып келеді. Әлемде бұл әдіспен туған 10 миллионға жуық бала өмір сүруде. Сонда да осы уақытқа дейін ЭКО төңірегіндегі түрлі сауалдар көп. Соның бірі ЭКО арқылы туған ұл бала ұрпақ жалғастыра ала ма, деген сұрақ. Әрине, олар әке бола болады. Жасанды жолмен туған баланың табиғи жолмен туған баладан еш айырмашылығы жоқ. Тағы бір айта кетерлігі, 95 пайызға жуық жағдайда бедеулік жүре пайда болады. Яғни, өмірде болған суық тию, инфекция, операциялардан кейінгі қабыну процестері, жатырдан тыс жүктілік, аборт, экология, күйзеліс сияқты факторлардың себебінен көбінесе жүре пайда болады, дейді ол.

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір