• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 12:12:34
Алматы
+35°

13 Қараша, 2023 Барлық аймақтар

Burkit. Қазақтың қаржысына Ресей тілінде кино түсірдік

Бұл сонда қай елдің "Бүркіті"? Қазақтың ба, Ресейдің бе?

Фото: ашық дерек көзінен

Еліміздегі кинотеатрларда танымал, жарнамасы желдей ескен «Бүркіт» фильмінің көрсетілімі орыс тілінде жүріп жатыр!

Көрермендер көптеп баратын кешкі уақытқа тек орыс тілінде қойып, түнгі сеанстарға ғана қазақ тіліндегі нұсқасы берілген.

Сонда біз өзіміздің қаражатқа Ресейдің тілінде кино түсірдік пе?

Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен 8 көркем фильм түсірілді. Атап айтқанда: «1941 жылдың жазы», «Хирург», «Өмір», «Ақын», «Ақ боз үй», «Молочная девочка», «Обучение Адемоки» және «Бүркіт».

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген «Бүркіт» экшн-фильмі 2 қарашада прокатқа шықты.

Режиссер Данияр Ибрагимов бұған дейін ол «Алтыншы пост» және «Қазбат» сияқты әскери боевик жанрында сәтті отандық фильмдер түсірген. Кезекті дебюттік фильміне елдің берген бағасы да жоғары. Сайт афишасында тұрған оннан аса фильмнің ішінде ең жоғарғы рейтинг иеленген. Тек өкініштісі, орыстілді аудиторияны тарту үшін фильм Ресейдің тілінде көрсетіліп жатыр. 

а    

Фильмнің түсіріліміне арнайы жасақтар,  200-ден астам мерзімді әскери қызметшілер, ҚР әскери және авиациялық техникасы пайдаланылған. ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетовтің сөзіне сүйенсек, жедел-іздестіру шаралары бар фильмнің кейбір эпизодтары нақты оқиғаларға негізделген. Ішкі істер министрлігі, Ұлттық кинематографияны қолдау мемлекеттік орталығы түсірілім жұмыстарына қолдау білдірген.

Түсірілім Алматы облысының көрікті жерлерінде, Есік көлінің маңында және Іле өзенінде өтті. Жұмысқа тіпті Голливудтан монтаждық режиссер әкелінген көрінеді. Актерлер құрамына да таңдаулы өнер иелері алынған. Басты рөлдерді әртістер – Дәурен Серғазин, Санжар Мәди, Асылхан Төлепов, Гүлназ Жоланова, Әсел Сағатова, Жандос Айбасов және Азамат Сатыбалды, сондай-ақ қазақ әншісі, күйші Ғалымжан Молданазар сомдайды.

Әсем Жұмақан

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір