• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Желтоқсан, 16:59:53
Алматы
+35°

26 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар

Қазаққа қатысы жоқ Тимирязевтің Заманбек пен Алтынбектен несі артық?

Қазақ тарихындағы сансыз ұлы тұлғаларды айтпағанда, Тәуелсіздіктің қос тарланы Алтынбек Сәрсенбаев пен Заманбек Нұрқаділовтің атына әлі бір көше бұйырмады. Қастандықпен қаза тапқан қазақтың біртуар ұлдарына көше бұйыру лайық болмағаны ма?

Авторлық құқық қорғалған

Алматының қақ ортасында Тимирязевтің атымен аталатын үлкен көше бар. Бірақ бұл Тимирязовты біріміз білсек, біріміздің білмейтініміз рас. Дардай көшемізге кезінде Тимирязев дегеннің есімі берілген екен. Ал қазақ тарихындағы сансыз ұлы тұлғаларды айтпағанда, Тәуелсіздіктің қос тарланы Алтынбек Сәрсенбаев пен пен Заманбек Нұрқаділовтің атына әлі бір көше бұйырмады. Қастандықпен қаза тапқан қазақтың біртуар ұлдарына көше бұйыру лайық болмағаны ма?

Ол аздай елімізде Климент Тимирязевке тек көше ғана емес, СҚО-дағы Қызылжарда білдей бір ауданның аты берілген. Былтыр ол ауданға жазушы Сәбит Мұқановтың атын беру мәселесі тұрғындар арасында дауысқа салынған. 6163 адамның 95 пайызы Сәбит Мұқановқа дауыс берсе, 5 пайызы Тимирязевке дауыс берген. Бірақ сонда да ауданның аты Тимирязевтің атында қалған.

Әй, Тимирязев деген кім еді сонша, деген сұраққа келсек:

Біріншіден, ол Ресейден шыққан жаратылыстану саласында жаңалық ашқан алғашқы ғалым екен.

Иә, ғалым делік. Бірақ ол Қазақстанға, қазаққа қандай еңбек етті?

Мейлі, ғылым саласында жаңалық ашқаны үшін мақтап, мадақтауға болар. Бірақ қазақ елі үшін, ұлтымыз үшін күресіп, еңбек еткен өзіміздің де ұлы тұлғаларымыз толып тұрғанда, қазаққа түк қатысы жоқ, тіпті өмірінде қазақ ұлтын құлағы естімей кеткен, аяғы жерімізге тимеген шетелдік ғалымның атына Алматының үлкен көшесінен неге ат беріледі?

Бұл мәселеге қатысты саясаткер, журналист Марат Байділдаұлы былай деді:

– Тимирязев деген орыс ғалымының қазаққа түк те қатысы жоқ. Сонау 30-40 жылдарда небір ауылшаруашылық мамандары оны оқыса, оқыған шығар. Бірақ Тәуелсіз Қазақстанға атын беретіндей еңбегі жоқ. Сондықтан ол көшенің атын қазақыландыру қажет деп есептеймін. Тек ол ғана емес, Тимирязев секілді толып жатқан көшелердің барлығының атын қазақшалау керек. Негізінде Тәуелсіздік алғаннан кейінгі отарсыздандыру (деколинизация), советсіздендіру (десоветизация) құбылысы жүруі керек еді. Осындай құбылыстардың орын алмауының салдарынан әлі күнге дейін кешегі отарлаушы жүйенің ықпалыменен өмір сүріп келеміз. Бұл Тәуелсіз Қазақстан үшін ұят, азат Қазақстан үшін абыройсыз әрекет. Бұлардың барлығын тоқтатып, жөнге салу керек деп есептеймін, – дейді саясаткер.

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір