• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 00:36:26
Алматы
+35°

Астанада Қайрат Боранбаевтың ісіне қатысты апелляциялық сот отырысы өтіп жатыр. 

Сот отырысында прокурор Қайрат Боранбаевты кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Кеше Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаев мемлекетке өз еркімен 90 миллиард теңгенің мүлкін қайтарғанын хабарлаған болатын. 

"Тергеу шеңберінде мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақ үй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес-орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді қоса алғанда, құны 90 миллиард теңгеден асатын активтерді мемлекет меншігіне өз еркімен қайтару жөнінде шаралар қабылданды", - делінген Антикор хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір