• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 01:13:04
Алматы
+35°

6 қыркүйекте Елдос Қоспаев пен оның 7 сыбайласы Солтүстік Кипрден ұсталып, Қазақстанға жеткізілді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. 

Қазір ұсталғандардың барлығы Астана қаласына жеткізілді. Бұған дейін оларға халықаралық іздеу жарияланған болатын. 

Қылмыстық топ мүшелері рейдерлік басып алу әрекеттерін жасағаны үшін  айыпталған болатын. Олар кәсіпкерлерді қорқытып, компаниядағы үлесін күштеп тартып алып, көлеңкелі бизнеспен айналысқан.

Айта кетейік, бұған дейін кәсіпкер, Esentai City жобасының авторы Алмас Әбдіғаппаров Orda.kz сайтына берген сұхбатында "AV-Construction" ЖШС-дегі 25 пайыздық үлесін рейдерлік жолмен Болат Назарбаевтың сенімді адамы Елдос Қоспаев тартып алғанын мәлімдеген еді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір