• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 00:44:15
Алматы
+35°

Биыл маусымда елордадағы Kaspi Bank ғимаратына шабуыл жасап, адамдарды кепілген алған қарулы азаматқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. 

"Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына келіп түсті. Қаралатын күні әзірге белгісіз", - делінген сот хабарламасында. Бұл туралы ulysmedia.kz порталы жазды. 

Еске сала кетейік, 18 маусымда қарулы ер адам Kaspi Bank филиалына басып кіріп, мекемедегі 7 адамды кепілге алды.

Оқиға орнына полиция мен арнайы жасақ барып, жақын маңдағы үйлердің барлық тұрғындары эвакуацияланды. 

Ер адам полициямен келіссөзге келуден бас тартып, кепілге алынған адамдарды өлтіретінін мәлімдеді. Осыдан кейін арнайы жасақ іске жұмылдырылған еді. Көп ұзамай кепілге алынғандар босатылып, басқыншы қамауға алынған болатын. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір