• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Маусым, 06:34:00
Алматы
+35°

Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Білім беруді тұрақты дамыту қорымен бірлесіп іске асыратын «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық бағдарламасына кіріктірілді, соның арқасында білім ордасындағы материалдық - техникалық база мен сыныптар жаңартылды, деп хабарлайды өңірлік баспасөз қызметі.

Жаңғырудан өткен мектеп «Ашық есік күні» аясында таныстырылды.

Шараға, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, «Қазақстан халқына» қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішев, «НЗМ» ДББҰ Басқарма төрағасы Күләш Шәмшидинова сондай-ақ , облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева қатысты.

,ml;

Бағдарлама аясында НЗМ жарақтандыру стандарты бойынша 37 оқу кабинеті мен шеберханасы, STEM-зертхана, АРТ-студия, интеллектуалдық холл, кітапхана және телестудия жаңартылды.

Жаңаша сипатка енген мектепті көзбен көрген облыс әкімі Марат Елеусізұлы, білім саласының дамуы – бүгінде қоғам дамуының басты көрсеткіші екенін алға тартты.

Сондай-ақ, аймақ басшысы өз сөзінде,
осы бағдарламаны жүзеге асырған жауаптыларға алғысын білдірді.

Сонымен қатар, Марат Елеусізұлы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының өңірде жүзеге асуына тоқталып, 2023-2025 жылдары аясында облыста 68 200 орындық 63 мектептің құрылысын салу көзделгенін жеткізді.

,

Жаңғырудан өткен, білім ошағында 2083 оқушы тәлім алса, 219 педагог еңбек етеді.

Мектеп басшылығы, материалдық-техникалық базаны жаңарту және педагогтарды оқытудың арқасында ауыл мектебі өз әлеуеті мен тәжірибесін ауданның басқа мектептерімен бөлісуге мүмкіндік алды деп, жүрек жарды қуаныштарымен бөлісуде.

Ал, «Қазақстан халқына» қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішев таныстырылым кезінде, жобаның басты міндеті - ауылдық жерлерде тірек мектептерді дамыту болып табылатынын және аймақтағы білім сапасын арттыру үшін НЗМ әлеуеті мен ресурстары жұмылдырылғандығын айтты.

« «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» бағдарламасы бойынша «Қазақстан халқына» қоры 17 ауылдық тірек мектептерін құруды жоспарлап отыр»,-деді Болат Жәмішев.

Бүгінгі таңда Қор 16 тірек ауыл мектебінің мұғалімдерін оқыту курстары мен тағылымдамадан өткізу түрінде әдіснамалық көмек көрсеткенін атап өткен абзал.

Естеріңізге саламыз, Қор мектепті жарақтандыруға 249 млн 825 мың теңге жұмсаған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір