• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 00:45:33
Алматы
+35°
Тәуелсіз журналист Данияр Молдабеков өзін бетін бүркемелеген белгісіз біреу подъезде бетінен ұрып кеткенін хабарлады.
 
Журналистің айтуынша, медициналық маска таққан ер адам бетінен ұрып, "тұмсығыңды сұқпа" деп кеткен.

Соңғы уақытта Қазақстанда тәуелсіз журналистер мен редакцияларға шабуыл жиілеп кетті. Бірер күн бұрын ғана журналист Вадим Борейконың операторына тиесілі екі көлікті өртеп кеткен. Оған дейін Борейко тұратын үйдің есігін әлдекімдер желім жағып кеткен. Біреулер Ел медиа редакциясының терезесін екі рет сындырып кетсе, Орда, Ұлысмедиа порталы мен сайт жетекшілері бірнеше мәрте кибершабуылға ұшырады. Журналист Динара Егеубаеваның көлігін өртеп кетсе, тағы бір журналист Серік Жолдасбайға әлдекім мессенджер арқылы қоқан-лоқы көрсеткен. Журналсит Михаил Козачков қылмыстық ұйым жұмысына көмектесті деп айыпталып отыр.

Ішкі істер министрлігі журналистер мен блогерлерге қатысты заңсыз әрекеттер жасағаны үшін 18 адам ұсталғанын хабарлады.

Министрлік хабарламасында, 2022 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы 20 ақпанға дейін Алматы және Астана қалаларында 6 журналист пен блогерге, сондай-ақ 1 адамға қызметімен байланысты бірқатар құқыққа қарсы әрекеттер жасалғаны айтылады.

"Жәбірленушілерге қатысты жылжымайтын мүлікке қасақана зақым келтіру, автокөліктерді өртеу, оларға әртүрлі заттарды жөнелту арқылы қорқыту фактілері, жәбірленушілердің мекенжайлары бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар және Интернет желісінде дербес деректерін тарату фактілері жасалды. Осы қылмыстарды ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. ҚР ҚК 115 “Қауіп”, 147 “Жеке өміріне қатысты мәліметтерді тарату”, 158 “Журналистік қызметке кедергі жасау”, 202 “Бөтеннің мүлкін қасақана жою”, 293 “Бұзақылық” баптары бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды" делінген хабарламада.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір