• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 00:40:39
Алматы
+35°

Журналист Вадим Борейконың операторына тиесілі көліктердің өртенуіне байланыс тергеу басталды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәлім етті.

"Алматы қаласының Ішкі істер департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жасап, тиісті сараптама тағайындады. Мәселенің мән-жайы нақтыланып жатыр. ҚР АҚДМ журналистік қызметке кедергі келтіруге жол бермейді және барлық қажетті көмекті көрсетеді" делінген комитет ақпаратында.

Журналист Вадим Борейко 20 ақпанға қараған түні операторының екі көлігі жарылып кеткенін, оқиға үйінің қасында болғанын айтқан.

Соңғы уақытта Қазақстанда тәуелсіз журналистер мен редакцияларға шабуыл жиілеп кетті. Әлдекімдер Ел медиа редакциясының терезесін екі рет сындырып кетсе, Орда, Ұлысмедиа порталы мен сайт жетекшілері бірнеше мәрте кибершабуылға ұшырады. Журналист Динара Егеубаеваның көлігін өртеп кетсе, тағы бір журналист Серік Жолдасбайға әлдекім мессенджер арқылы қоқан-лоқы көрсеткен. Журналсит Михаил Козачков қылмыстық ұйым жұмысына көмектесті деп айыпталып отыр.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір