• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 00:45:15
Алматы
+35°

Қорғаныс министрлігі ведомствоның оқу орындарына түсу ережелері туралы хабарлады.

Отандық әскери білім беру жүйесіне магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі даярлау жүзеге асырылатын Ұлттық қорғаныс университеті, үш әскери жоғары оқу орны, екі колледж және Алматы, Шымкент және Қарағандыдағы "Жас ұлан" республикалық үш мектебі кіреді.

Алматы қаласындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты басшылық мамандықтары бойынша кадрлар даярласа, Ұшу және инженерлік-техникалық құрамның мамандарын Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты дайындайды. Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында радиотехникалық мамандықтардың офицер-инженерлері оқытылады.

Министрлікке қарасты Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Жұмабек Ахметов әскери институттарға түсу үшін 30 сәуірге дейінгі мерзімде жергілікті әскери басқару органы басшысының атына өтініш өткізу керектігін айтты. Ал құжаттар 15-20 шілде аралығында қабылданады.

 

"Оқуға түсуге үміткерлер кәсіби-психологиялық іріктеуден, медициналық куәландырудан және дене шынықтыру деңгейін тексеруден өтеді. Осы көрсеткіштер және ҰБТ нәтижелері бойынша рейтинг жасалады. Соның негізінде қабылдау комиссиясы оқуға қабылдайтын болады. Оның шешімі 6 тамызда университеттің сайтында жарияланады. Көрсеткіштер бірдей болған жағдайда жоғары оқу орнына түсуге "Жас ұлан" республикалық мектептерінің түлектері, әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері, қызмет өткеру кезеңінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған әскери қызметшілердің балалары басым құқыққа ие болады" деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

 

Биылдан бастап мерзімді әскери қызмет атқарған және қолбасшылықтың ұсынысын алған азаматтарға жеңілдіктер қарастырылмақ.

Барлық оқу кезеңінде курсанттар толық мемлекет тарапынан қамтылатын болады. Әлеуметтік пакетке ақшалай қаражат, киім-кешек, күніне үш рет тамақтану, тегін медициналық көмек және жатақханада тұру кіреді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір