• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 00:44:22
Алматы
+35°

"Ресей Украинада химиялық немесе биологиялық қару қолдануды жоспарлауы мүмкін, сондықтан бәріміз сақ болуымыз керек" деді Ақ үй. Бұл туралы CNN хабарлады.

Бұған дейін Ресей тарапы АҚШ биологиялық қару-жарақ зертханалары мен Украинада химиялық қаруды дамытып жатқанын айтып, Вашингтонды айыптаған. Ал Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки оны "жалған мәлімдемелер" деп сипаттады. Оның пікірінше, бұл – Мәскеудің одан әрі алдын ала ойластырылған, себепсіз шабуылдарды ақтау үшін жасаған "айқын айласы".

Батыс шенеуніктері жаңа шабуылдарға қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр.

Олар соғыстың өршу қаупіне, әсіресе Ресейдің дәстүрлі емес қаруды қолдану мүмкіндігіне "өте алаңдайтындарын" мәлімдеді.

Бұл–ең алдымен, химиялық қаруға қатысты болса да, термин тактикалық (шағын масштабты) ядролық, биологиялық қаруды және өзгеше бомбаларды қамтиды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Батыс Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір