• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 00:41:17
Алматы
+35°

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинамен шекарада орналасқан кейбір әскерлер оқу-жаттығуларды аяқтағаннан кейін базаларына оралып жатқанын хабарлағаны "шиеленіс бәсеңдейді" деген үмітті арттырған. Алайда Украина маңындағы әскери жаттығулар жалғасуда және қанша бөлімше шығарылып жатқаны белгісіз.

НАТО қорғаныс альянсының басшысы әлі деэскалацияны көрмегенін айтты, бірақ Мәскеуден айтылған сигналдар оптимистік үміт сыйлайды.

АҚШ президенті Джо Байден Украина шекарасы маңында бұрынғыдан да көп әскер бар екенін жариялаған.

Ресей президенті Владимир Путин баспасөз мәслихатында Ресей Еуропада соғысты қаламайтынын мәлімдеген. 

Еуропалық Одақ Ресей қауіпсіздік мәселелерін талқылауға дайын екенін айтады, бірақ соғыс жағдайында Ресейден Германияға баратын негізгі газ құбыры "іске қосылмайды" деп ескертеді.

Бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Ресейден "аралас сигналдар" келіп жатқанын және Украинаға қатысты барлау "әлі де көңіл көншітпейтін ақпараттарды көрсететінін" жеткізген.

Ол Ресейдің Украина шекарасы маңында және Беларусьте далалық ауруханалар салып жатқанын атап өтті. Джонсон Ресейдің бұл әрекеттерін "тек (шабуылға) дайындық ретінде түсінуге болады" деді.

"Украинамен шекарадағы өте жақын жерде батальондық тактикалық топтар көбірек. Мәскеу кез келген сәтте (Украинаға) соғыс ашу мүмкін. Менің ойымша қазіргі уақытта бір біріне ұқсамаған әр түрлі сигналдар бар" деп түйіндеді ол.

Соңғы айларда Ресей Украинамен шекараға 100 мыңнан астам әскері мен әскери техникасын орналастырған. Батыс елдері "Мәскеу көршісіне басып кіруі мүмкін" деп қауіптенеді. Ал Ресей ықтимал шабуыл туралы жоспарларды жоққа шығарып келеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей Батыс Украина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір