• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 01:02:14
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрі қызметін уақытша вице-министр Жандос Бүркітбаев атқарады. 

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқару денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Қонысұлы Бүркітбаевқа жүктелсін" делінген премьер-министр бұйрығында.

Бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отставкаға кеткен болатын. Ол министрлік қызметінен басқа жұмысқа ауысуына байланысты кеткенін айтты.

Алексей Цой 2020 жылғы 25 маусымда бюджет қаржысын жымқырды деп күдікке ілінген Елжан Біртановтың орнына келген.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір