30 Қараша, 2021 Түркістан облысы
![](/media/2021/11/30/crop-9_19_1162x1549_34f51a79-4684-4718-9cab-e5bcf10c255c.jpg?width=600&height=480)
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Абай ауданы аумағындағы шағынаудандарда жаңа көшелер ел игілігіне пайдалануға берілді. Атап айтқанда Қызылжар шағын ауданындағы Дәстүр, Ақтансай, Яссауи және №10 көше тұрғындары қуанышқа кенелді.
Мерекелік іс-шараға Абай ауданы әкімінің орынбасары Занкоев Есімжан қатысып, тұрғындарды 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.
Ағымдағы жылы көшемізге асфальт төселіп, тұрғындардың көтерген мәселелері шешілгеніне қуаныштымыз, деді көше тұрғындары.
Айта кетейік, Абай ауданында жыл соңына дейін тағы осындай 7 көше пайдалануға берілетін болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір