• USD 475.51

  • EUR 464.15

  • RUB 8.2

  • CNY 66.85

04 Қазан, 15:14:17
Алматы
+19°

Биыл Шымкент қаласы бойынша «Бақытты отбасы» бағдарламасына бастапқы бөлінген лимит көрсеткіші 373 болған еді. Азаматтарды тұрғын үймен қамту мәселесін оңтайлы шешу мақсатында аталған лимит көлемі қазіргі таңда 589-ға ұлғайған.

Оның ішінде көпбалалы отбасылар саны – 255, мүгедек бала асыраушы отбасылар – 285, толық емес отбасылар – 49.

Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты арқылы несиелік негізде жоғарыда бөлінген 589 лимитке сәйкес, бүгінде 127 азамат баспаналы болды. «Бақытты отбасы» бағытының шарттары мен талаптарына сәйкес азаматтар пәтерді жаңа және екінші нарықтан өздері іздеп тапқан. Бұдан бөлек, бүгінде аталған бағыт бойынша конкурстан өткен 400-ден аса қатысушы өздерінің төлем қабілеттіліктеріне сәйкес тұрғын үй іздеу үстінде.

«Бақытты отбасы» бағытының негізгі қатысушылары – тұрғын үй кезегіндегі «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, толық емес отбасылар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар.

Айта кету керек, бағдарлама еліміздегі аз қамтылған отбасылардың жылдық 2 %-дық мөлшерлемемен тұрғын үй алуға мүмкіндік беруде.

Шымкент қаласы бойынша 2021 жылға бөлінген лимиттің аяқталуына байланысты азаматтар «Бақытты отбасы» бағдарламасына келер жылы «Отбасы банк» арқылы қатыса алады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір