• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 22:48:51
Алматы
+35°

Төтенше Жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов жазық даладан тасқын қаупі төнеді деп күтпегендерін мәлімдеді. 

Баспасөз мәслихатында журналистер шенеуніктен ТЖМ неліктен тасқынға дайын болмай шыққанын сұраған.

"11 өңірдің 46 елді мекенінде тасқынның алды алынды. Түсініп тұрсыз ба? Ал су басқан 5 облыста су өзеннен емес жазықтан келіп жатыр. Шынымызды айтсақ, су біз күтпеген жақтан, даладан, келді. Кейінгі 30 жылда су даладан келген жоқ болатын. Сондықтан "су тасқынға қарсы дер кезінде ден қойдық" деп айта аламыз" — деді ол. 

Вице-министрдің пікірінше, ешқандай мемлекет жазықтағы қар суын су тасқынына қарсы дайындық кезінде есепке алмайды.

"Бүгінгі таңда қар суы ешбір елде ескерілмейді. Өзендерден, су қоймаларынан, бөгендерден келетін су ғана ескеріледі. Осыны түсіну керек", — деді ол.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: су тасқыны тжм

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір