• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 01:46:15
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкентте вирусқа қарсы екпе салдырушылар қатары артып келеді. Бір ғана №9 емханасында осы уақытқа дейін 40.132 адам вакциналанған. Медициналық мекемеде екпенің 3 түрі салынуда. Ақ халаттылар дүйім жұрттың дегбірін қашырған сырқатты ауыздықтау екпе егу арқылы тыйылар еді, дейді. Сол себепті, барлық қала тұрғындарына вакцина салуға кеңес береді.

Емханалардағы екпе егу кабинеттерінің барлығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Екпе салатын қызметкерлер арнайы оқытудан өткен. Вакцинация тұрғылықты жері бойынша емханада жүргізіледі. Екпе салардан алдын азамат міндетті түрде сауалнамаға жауап беріп, ерікті түрде вакцина алатына туралы келісім береді. №9 қалалық емханада бірінші компонент 22.370 азаматқа, ал екінші компонент 17.305 азаматқа салынды. Халықтың вакцинаға деген ықыласы жақсы дейді,- Раушан Оразбаева.

- Қазіргі уақытта №9 қалалық емханаға 68320 адам тіркелген. Вакцинаны 75% яғни 29670 адам алуы тиіс. Қазір бірінші компонентті 22370 адам, екінші компонентті 17305 адам алды. Бұл біздің емханаға байланған халықтың 75% - ын құрайды. Қазір біз Спутник V мен отандық QazVac вакциналарын қоямыз.

Вакцинация алғандарға медициналық бақылау талапқа сәйкес ұйымдастырылып, жүйелі жүргізілуде. Бүгінгі күні коронавирус инфекциясына қарсы екпе егілген азаматтардың денсаулығы қанағаттанарлық. Шымкент қаласының тұрғыны Айнұр Нұржанова екпенің екінші компонентін салдыруға келді. Ол вакцина қауіпті індетті жұқтырып алмаудың жалғыз жолы деп біледі.

Бүкіл әлемдегі қиын жағдайды барлығы көріп отыр. Мен вакцинаның екі компонентін өз денсаулығым үшін және жанымдағы адамдарды инфекциядан құтқару үшін алдым. Менде ешқандай жанама әсерлер болған жоқ.

Айта кетейік, емханаларда қазір екпенің 3 түрі қолданыста. Олар отандық QazVac, Спутник V және Hayat-Vax. Қай екпені қабылдауды пациенттің өзі шешеді. Дәрігерлер жұмыс күні таңертеңгі 8-ден, ал демалыс күндері 9-дан 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір