• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 03:50:28
Алматы
+35°

Бауыржан Байбек/Жанболат Мамай

 
Бүгін Алматы қалалық сотында Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің шағымы бойынша қозғалған азаматтық істің аппеляциялық отырысы болып өтті.
 
Сот айыпталушы белсенділер Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбайға қатысты Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 соты шығарған шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің заңгері Айжан Тәшенова Жанболат Мамай мен Инга Иманбайды басқаларды қаралау арқылы өздерінің деструктивті қызметін жалғастыруда деп айыптады. 

– Осы уақыт бойы Мамай мен Иманбаева басқаларды қаралау арқылы өздерінің деструктивті қызметін жалғастыруда. Олардың бейнематериалдары біржақты айыптаушы сипатқа ие. Сондай-ақ оларды қылмыстық іс үшін дайын материал деп санайды, – деді Тәшенова.

Сондай-ақ Айжан Тәшенова "Ж.Мамай мен И.Иманбайдың апелляциялық шағымы жалған деректерден, біліксіздік пен екіжүзділіктен тұрады" дейді.

Ал белсенді Жанболат Мамай аппеляциялық сот отырысынан соң facebook-те "мантия киген биліктің нотариусы Байбектің мүддесін қорғады" деп жазба жариялап, "сот өздерінің келтірген деректері мен дәлелдерін көзге ілмеді" деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол аппеляциялық сот шешімімен келіспейтінін, Жоғары сотқа, одан кейін БҰҰ Адам құқығы комитетіне шағымданатынын жазды.

Б.Байбек-Ж.Мамай текетіресі белсенділердің көктемде NurOtan партиясы төрағасының бірінші орынбасары туралы екі тілде фильм жариялауынан басталған. Белсенділер фильмде UZUN Qulaq телеграм каналында, ашық дереккөздерде, бірқатар баспасөз беттерінде жарияланған ақпараттар мен деректерді негізге алып, Б.Байбекті Алматы әкімі болып тұрғанда "бюджет ақшасын "жеп" миллиардер атанды" деп айыптаған. Б.Байбек бұған жауап ретінде белсенділерді сотқа беріп, өзінің ар-намысын заң аясында қорғайтынын мәлімдеген. Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотында өткен азаматтық-процессуалдық процесте судья Райхан Сартаева Бауыржан Байбектің пайдасына шешім шығарған. Белсенділер видеороликтерді интернеттен өшіруге, сондай-ақ сот шығындарын өтеуге міндеттелген. Судья "белсенділер фильмдегі айыптауларға бірде-бір дәлел ұсынбады, фильмдегі мәліметтер шындыққа жанаспайды" деп мәлімдеген. Белсенділер келтірілген дәлелдерді судья қабылдамағанын айтып, "соттың материалдарды өшіру туралы шешімі орындалмайтынын" хабарлаған. Артынша апелляциялық сотқа шағым түсірген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір