• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

06 Желтоқсан, 05:48:27
Алматы
+3°
Канаданың Онтарио провинциясы Лондон қаласында жергілікті тұрғын автокөлікпен мұсылман отбасын қасақана қағып, соның салдарынан отбасының ересек 4 мүшесі қаза тапты, 9 жастағы бала көптеген ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады BBC.

Күдікті ретінде Натаниэл Велтман есімді 20 жастағы канадалық ұсталды. Оған адам өлтірді, адам өлтіруге оқталды деген айып тағылған. Бұл шабуыл Канада тарихындағы мұсылмандарға қарсы жасалған ірі шабуылдардың бірі деп танылуда.

Полиция дерегінше, құрбан болған адамдардың бар кінәсі олардың мұсылман болуында.

Қайтыс болғандар арасында 74 және 44 жастағы екі әйел, 46 жастағы еркек, 15 жастағы қыз бар. Полиция 9 жастағы баланың жарақаттары ауыр екенін, алайда өміріне қауіп төніп тұрмағанын мәлім етті. Жақындарының өтініші бойынша құрбан болғандардың аты-жөні жарияланбады. 

Люди зажигают свечи у импровизированного мемориала в Лондоне, Онтарио, Канада, 7 июня 202 года.Оқиға орнында қайтыс болғандарға арналып импровизациялық мемориал қойылды/фото: Reuters
Люди реагируют возле цветов, возложенных на месте преступления в Лондоне, Онтарио, Канада, 7 июня 2021 года.Көптеген тұрғындар оқиғадан шок алған/фото: Reuters

Полиция қаза тапқандар мен күдікті арасында бұрын ешқандай байланыс болмағанын айтуда. Күдікті бұрын сотталмаған.

Канада премьері Онтарио Дуг Форд жағдайға алаңдаушылығын білдіріп, Твиттерде "Онтариода исламофобия мен мен исламды жеккөрушілікке жол жоқ" деп жазса, премьер-министр Джастин Трюдо жаңалықты естіп "үрейленгенін" мәлімдеген.

Қала мэрі де оқиғаға алаңдаушылығын білдіріп, қалада қаралы күндері екі күнге тулар түсірілетінін жеткізген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: исламофобия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір