• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:05:33
Алматы
+35°

Алматы облысына қарасты Кемертоған ауылының айналасы өртеніп жатыр. Ауыл тұрғындарының айтуынша, түтінге тұншығып отырғанындарына бүгін үшінші күн. "Қамшы" редакциясына хабарласып, көмек сұраған тұрғындар әкімдік тарапынан қажетті көмек көрсетілмей жатқанын жеткізді.

Кемертоғандықтар қазір желдің бағытын аңдып отыр. Өйткені жел қайда соқса, өрт сол бағытқа қарай жылжып, ауылға жақындап келеді. Әкімдік тарапынан өртті сөндіруге уәде берген. Алайда қою түтіннің ішіне техника кіре алмаған. 

Ал тракторшылар болса сиыр фермасына қарайтын аумаққа малдың қиы төгілгендіктен, трактор батып, техникамыз өртеніп кетеді деп сақтанып отыр.

Ауыл тұрғындарының сөзінше, өрт сөндірушілер бүгін үшінші күн дегенде қарасын көрсеткен. Бірақ өрт болып жатқан аймаққа сусыз келген. Кейіннен екінші көлік келіп, өртті сөндіре бастағанымен күші жетпеген. 3 күннен бері жанып жатқан өрт аумағы шамамен 5-6 гектар аумақты құрайды.

– Ауылда демікпе ауруымен ауыратындар көп, тереземізді жапсақ та, түтін үйге кіріп кетіп жатыр, – дейді Кемертоған тұрғыны Айсұлу Сейдахмет.

"Ауыл ішінде сиыр фермасы бар. Былтыр да тезегін ферма сыртына төгіп, ойнап жүрген бала батып кеткен болатын. Енді сол тезек тұтанып, бірнеше күннен бері ауылды түтін басты" дейді тұрғындар.

Қарасай ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Бақдаулет Талипов алапат өртке қатысты пікір білдірді.

– Кемертоган ауылының солтүстік жағында орналасқан алқапта егістікке төгілген қи (навоз) өртенген болатын. Шамамен 7 гектарды алған өрттің алдын алуға 3 су тасымалдайтын арнайы көлік пен 1 трактор жұмылдырылды. Өрт ауыздықталғанымен, түтін тоқтамай тұр. Қазіргі кезде, оны толығымен өшіруге барлық іс-шаралар жалғасуда. Адам өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, – дейді баспасөз хатшысы.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қарасау Кемертоған

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір