• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 00:36:45
Алматы
+35°

Мәжіліс журналистерге арналған "Парламент сөзі" сыйлығының қорытындысын жариялап, арнаулы аталымдар бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Құрамында мәжіліс депутаттары, көрнекті қоғам қайраткерлері, партия өкілдері кіретін комиссия шешімі бойынша осы жылы жеңімпаздар сегіз аталым бойынша сайысқа түскен. Биыл парламенттік сыйлық бесінші рет өткізіліп отыр.

Суретті түсірген Ж.Құспанов

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин "Парламент сөзі" сыйлығының жеңімпаздарына, сондай-ақ барша бұқаралық ақпарат өкілдеріне кәсіби мерекеге орай құттықтау лебізін жеткізді. 

Нұрлан Нығматулин құттықтау сөзінде ақпараттың кез келген саласында, газетте, теледидарда, интернет баспаларда жұмыс істейтін тілшілерге құрмет білдірді.

– Біз осы жылы да Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмаларын, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың маңызды бастамаларын жүзеге асыру жолында бірлесіп, ашық, сапалы жұмыс жасап келеміз деп айтуға болады.  Қасиетті Отанымыз – Қазақстанымыздың тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Осы уақытта өткен барлық саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістер, соның ішінде, парламенттің заң шығару қызметі әрқашанда, тікелей ақпарат құралдарының назарында болды. Сондықтан, журналистер әрқашанда тәуелсіздікпен бірге жасап, егемен еліміздің әрбір жеңісін, әрбір жемісін насихаттап, еліміздің, халқымыздың өмір сапасын одан әрі арттыруға зор үлес қосып келе жатыр, – деді Нұрлан Нығматулин.

Іс-шарада "Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін" номинациясы Қуаныш Сұлтанов және Жұмабике Жүнісоваға табысталды. 

Ал "Үздік телевизиялық сюжет үшін" номинациясын "Қазақстан" телеарнасының тілшісі Нысаналы Ығылов, "Хабар" телеарнасының тілшісі Динара Жанбатырова иеленді. 

"Үздік баспа жарияланымы үшін" номинациясы "Aйқын" газетінен Гүлзина Бектасоваға, "Казахстанская правда" газетінен Владимир Курятовке табысталды. 

"Үздік интернет және радио материалы үшін" номинациясы "Qamshy.kz" ақпарат порталына және "Sputnik.kz" сайтына берілді.  

"Арнайы репортаж" номинациясын "Хабар 24" арнасынан Нұршапағат Несіпбаевқа және "Первый канал "Евразия арнасының "Парламент online" бағдарламасына ұсынылды. 

"Үздік бейне-сурет материалы үшін" номинациясын "Астана" телеарнасынан Нұржан Махмутов және "Tengrinews" интернет ресурсынан Тұрар Қазанғапов жеңіп алды.  

"Әлеуметтік желідегі үздік материал үшін" номинациясы Мұрат Әбеновке және Данияр Әшімбаевқа берілді. 

"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған" арнайы номинациясы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінің басқарма төрағасы Қыдырәлі Дархан Қуандықұлына және "КТК" телеарнасына берілді. 

Мәжіліс сыйлық иегерлерін мәжіліс символикасы бейнеленген мүсіншелермен және арнайы дипломдармен марапаттады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір