• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:53:18
Алматы
+35°

Кәсіпкер Исатай Аңсат өзіне тиесілі бұрынғы әскери бөлімді Риддердегі өрттен зардап шеккендерге арнап баспана салу үшін қайтарымсыз негізде пайдалануға беруге әзір екенін мәлім етті.

Ол Өскемендегі Согринский 223/42 мекенжайында орналасқан 3800 шаршы метрлік бұрынғы әскери бөлімге тиесілі әкімшілік ғимарат пен казарма, цех өзінің компаниясының меншігінде екенін, нысанды жөндеп кәдеге асыруға болатынын мәлім етті.

"Егер әкімшілік керек деп тапса, бітпеген ғимарат пен қажетті учаскені өрттен зардап шеккендерге үй салу мақсатында қайтарымсыз негізде беругә әзірмін" деп жазды кәсіпкер facebook-те.

Кеше Риддер қаласындағы шаруашылықтардың бірінде қураған шөп жанып, жалын ағаштарды шарпын, оның арты үлкен өртке ұласқан. Күшті жел салдарынан өрт көрші Лесхоз ауылына қарай жылдам таралып, тұрғынүйлер бірінен соң бірі отқа орана бастады. Соның салдарынан 35 үй, 9 ғимарат өртеніп, 1948 жылғы әйел қаза тапты, 1949, 1980 жылғы 2 адам зардап шекті.

Қазіргі уақытта тұрғынүй алқабы мен шаруашылық құрылыстарында өрт толық сөндірілген, орман алқабында сөндіру жұмысы жалғасып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір