11 Ақпан, 2021 Әлем
BBC.COM
АҚШ президенті Джо Байден қытайлық әріптесі Си Цзиньпинмен алғашқы қоңырау кезінде Шыңжаңдағы адам құқығының бұзылуы туралы мәселе көтерді, деп хабарлады Ақ үй.
Байден Қытай басшысымен сауда, Гонконгтағы қысым және Тайваньмен шиеленісіп жатқан мәселелерге баса назар аударған.
Қытай мемлекеттік теледидарының хабарлауынша, Си Бейжің мен Вашингтонның "жаман қарым-қатынасы" екі ел үшін де апат болатынын ескерткен.
Соңғы кездері екі ел арасында сауда, тыңшылық және пандемияға байланысты шиеленістер күшейе түсті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір