• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

22 Қазан, 02:08:24
Алматы
+5°

Фото: «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Қаратал аудандық филиалы

Сонғы жылдары әлемде көп өзгерістер мен толқыныстар байқалуда. Әлемді селт еткізген пандемия елімізге де оңайға соққан жоқ. Әйтсе де, партиямыз жұмыс орнын сақтап қалу, осал топтарға көмек көрсету сияқты елімізді қыспақтан алып шығу жолдарын ұйымдастыруда. Бұл ретте медецина қызметкерлері мен педагогтар жұмыстарының режимі өзгеруіне қарамастан батыл қадам жасағанын байқадық. Бұл нені көрсетеді? Тәуелсіздігіне енді ғана 30 жыл толатын жас мемлекетіміздің әлеуетін көрсетеді. Сан ғасырлық тарихы бар ежелгі еуропа елдерінің өзі бұл індет алдында дәрменсіздігін танытты. Ал, Қазақстан дұрыс ұйымдасытырлған жұмыстың арқасында адам шығынын азайтып, азматтарының денсаулығын қорғай білді. Әрі, covid-пен күресе жүріп, жігерімізді шыңдадық, бірлігімізді таныттық.  Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білдік. Бұл бірлік – біз үшін алтынға пара-пар! Алдағы саяси науқанда да сол бірліктен жаңылмасақ екен деп тілеймін!

Тұтастай мемлекетіміздің алдағы бес жылда дамуы – «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарымен тұспа тұс келіп отырғаны да тегін емес. Яғни, біздің партия – елдің партиясы! Партиямыздың бес жылдық бағдарламасында дамудың тенденциясын тоқтатпай халқымыздың өмір сүру деңгейін жақсартуды көздейді. «Nur Otan» партиясы еліміздің ертеңі үшін үлкен өзгерістерге қадам жасағалы тұр. Мәңгілік ел болу үшін, әлем аренасында Қазақстанның қасқайып тұруына еліміздің біртұтастығы қажет. Сондықтан бізбен бірге болып, «Nur Otan» партиясына дауыс берулеріңізді сұраймын!

«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Қаратал ауданы сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір